"Болашақ" қозғалысы қазақстандық жұмысшылардың құқығын қорғау жөніндегі комитет құруда - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Болашақ" қозғалысы қазақстандық жұмысшылардың құқығын қорғау жөніндегі комитет құруда

"Болашақ" қозғалысы қазақстандық жұмысшылардың құқығын қорғау жөніндегі комитет құруда

АЛМАТЫ. 1 қараша. Kazakhstan Today. "Болашақ" Республикалық қозғалысы қазақстандық жұмысшылардың құқығын қорғау жөніндегі комитет құруда. Бұл жөнінде қозғалыс төрағасы Фархад Қасенов хабарлады.

  • 1 Қараша 2006
  • 1108
Фото - Caravan.kz

Ф.Қасенов Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстандық жұмысшылардың құқықтарын қорғаймыз» атты комитетті ұйымдастыру жөніндегі жұмыстардың басталғанын жариялаймыз. Комитет Қазақстанның еңбек туралы заңдылықтарының бұзылмауын, барлық шетелдік компаниялардағы әлеуметтік және еңбек құқықтарының сақталуын қарастырады»,-деп мәлімдеді.

Қозғалыс лидерінің пайымдауынша, Теңіз кен орнындағы қазақстандықтар мен түрік жұмысшылары арасындағы жанжал » шетелдік кәсіпкерлердің иелігіндегі кәсіпорындарда болып жатқан әділетсіздіктің салдарынан туындаған өшігуден болған».

«Адамгершілік түсініктің болмауы, еңбек ақысының теңдей бөлінбеуі, барлық жұмысшыларға бірдей әлеуметтік жағдайдың жасалмауы, тамақтану, тұрғын үй мәселесінің шешілмеуі сияқты заң бұзушылықтар жұмысшыларды осындай шараға итермеледі. Олар осылайша әлеуметтік әділеттікті орнатуды көздеді»,-деп атап өтті Ф.Қасенов.

Осыған байланысты жұмысшылардың құқығымен айналысатын комитет құруды қолға алған қозғалыс мүшелері «қордаланған мәселені шынайы және патриоттық сезіммен шешуді сұрап», премьер-министрге және парламент депутаттарына үндеу жолдамақшы.

Оған қоса, Ф.Қасеновтың айтуынша, «комитет , шетелдік кәсіпорындарға барып тексеру жүргізуді, анықталған заң бұзушылықтарды бұқараға жария етуді, белгілі болған проблемаларға назар аудартуды және қазақстандық жұмысшылардың құқығын қорғауға бағытталған басқа да шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр».

Осыған дейін айтылғандай, Атырау облысындағы Теңіз кен орнында «Сенімді Құрылыс» мердігерлік құрылыс ұйымының қазақстандық және түрік жұмысшылары арасында жаппай төбелес болған. Салдарынан шамамен 140 адам зардап шекті.

«Болашақ» қоғамдық саяси республикалық қозғалысы 2005 жылы жаз айында құрылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта