Caravan Logo

«Болашақ» стипендиясының өздігінен оқуға түскен үміткерлері құжат тапсыруға қосымша мүмкіндік алды

«Болашақ» стипендиясының өздігінен оқуға түскен үміткерлері құжат тапсыруға қосымша мүмкіндік алды

Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың бүгін ресми ақпарат құралдарында жарияланған бұйрығына сәйкес, үміткерлердің бұл санаты 2012 жылдың 19-30 қараша аралығында құжат тапсыра алады.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Бұған дейін де өздігінен оқуға түскен үміткерлер үшін құжат қабылдау мерзімі 25 шілдеге дейін ұзартылған болатын.