Жарияланды: 710

Болашақ ұрпақты шабыттандыру үшін әйелдердің қолына билік беру керек

Дүниежүзілік исламдық экономикалық форумның төрағасы Тун Муса Хитама әйелдердің қолына билік беру керек деп есептейді.

«Әйелдер тұрақтылық пен орнықтылықтың негіздерін, біздің қайталанбастығымыз бен күшімізді көрсетеді. Дәстүрлерімізді сақтауда, біздің тырысуларымызды, болашақ ұрпақты қалыптастыруда әйелдердің ролі аса маңызды. Сондықтан болашақ ұрпақты шабыттандыра алатындай әйелдер билік беру керек», - деді ол сейсенбі күні бизнес-әйелдер мен ДИЭФ-тің жас лидерлерінің бірлескен форумында. Тун Муса Хитаманың айтуынша, жастар болса, ұлттың креатив қуатын ғана емес, болашақты, елдердің қай бағытта қозғалатынын білдіреді. «Жастар – біздің ізбасарларымыз, олар біздің мәдениетімізді мұра етіп алады, әлемді жақсарту бағытындағы тырысуларымызды жалғастырады», - деді ол. «Исламдық экономикалық форумның ерекшелігі оның жастар мен әйелдерге басымдық беретіндігінде жатыр. Біз форумда пікір алмасу үшін жастар мен әйелдерге алаң берумен шектелмейміз. Біз жобаларды, бағдарламаларды жүзеге асырамыз, семинарлар, жәрмеңкелер өткіземіз. Көптеген әйелдер мен жас адамдар біздің бағдарламалардың арқасында мол тәжірибе жинады, басқа елдердің адамдарымен байланыс орната алды», - деді ДИЭФ төрағасы. Бұл орайда ол «әйелдер мен жастарға ілгері қозғалу үшін білім жинақтау өкілеттіктерін беру үшін» Орталық Азия елдерінің барлық тұрғындарын ДИЭФ-тің жаһандық жобаларына қатысуға шақырды. Сондай-ақ, Тун Муса Хитама компанияларды «басқа елдерден жастарды шақыру үшін тәжірибеден өту мүмкіндігін беруге» үндеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін