Болашақта ЕурАзЭҚ пен Еуропалық Одақ өзара бірігуі мүмкін - ҚР Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Болашақта ЕурАзЭҚ пен Еуропалық Одақ өзара бірігуі мүмкін - ҚР Елбасы

Болашақта ЕурАзЭҚ пен Еуропалық Одақ өзара бірігуі мүмкін - ҚР Елбасы

Шекарасын айқара ашып, сауда-саттық саласында интеграциялана бастаған елдердің басын біріктіруші ұйым ретінде ЕурАзиялық Экономикалық Қоғамдастығы Еуропалық Одақ үшін қызығушылық тудыруы тиіс. Бұл туралы бүгін, 9-қыркүйекте Румыния президенті Ион Илиескумен кездесуден кейін өткізілген баспасөз мәслихаты барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пікір білдірді.

  • 9 Қыркүйек 2003
  • 415
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысының болжамы бойынша, «болашақта бұл екі одақ баршаның игілігі үшін өзара бірігуі мүмкін». Н.Назарбаевтың пайымдауынша, «ел аясындағы реформалар мен экономикалық өсу қарқынына қарай Еуропалық Одақ үшін Шығыс Еуропадағы кейбір елдермен салыстырғанда Қазақстан артықша тартымды болуы мүмкін».

Осы орайда Н.Назарбаев еліміздің Еуропалық Одақпен өзара сауда-саттық туралы келісімге қол қойғанын еске сала отырып, Республиканың ЕурАзЭҚ-ты дамыту мен Біртұтас Экономикалық Кеңістік құруға баса назар аударып отырғанын атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар