Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
Жігер Ауыпбаев желіде оқырмандарына сұрақ-жауап айдарын өткізді.
— Қазақша оюы бар киімдерді күнделікті киіп жүруге қалай қарайсыз?
— Өте жақсы қараймын. Болашақта күнделікті киіп жүруді қолға алатын боламын. Бұйырса. Не деген керемет, тамаша біздің ұлттық киімдеріміз.
— Өмірдің мәні неде деп ойлайсыз?
— Бүкіл әлемді жаратқан Раббыңды шынайы танып, құлшылық қылуда деп ойлаймын. Бұл екі өмірдің де мәні.
— Бұл өмірде не қымбат?
— Қант қымбат қой. (ойнап айтам) Мен үшін аз да болса жақсымен өткізген уақыт қымбат.
Жақында ғана әнші Мекке-Мәдина қаласына барып құлшылық жасап, сапар шегіп келген болатын.