Болашақта Қазақстан бизнесмендері өздерінің жаңа компанияларын 15 минуттың ішінде тіркеуден өткізе алады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Болашақта Қазақстан бизнесмендері өздерінің жаңа компанияларын 15 минуттың ішінде тіркеуден өткізе алады

Болашақта Қазақстан бизнесмендері өздерінің жаңа компанияларын 15 минуттың ішінде тіркеуден өткізе алады

ҚР Әділет министрлігі заңды тұлғаларды тіркеуден өткізу тәртібін түбегейлі жеңілдететін заң жобасын әзірледі.

  • 30 Маусым 2011
  • 482
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін «Bnews.kz» ақпарат агенттігінде өткен дөңгелек үстел барысына ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары Олжас Бектенов мәлім етті.

«Егер де бұл заң жобасы қабылданса, біз қазіргі тіркеу тәртібінен жаңаша тіркеу тәрбіне көшеміз. Яғни, тек өтініш қабылданады да салық жиналады, бар болғаны — осы. Менің ойымша, бұл жұмыстар небәрі бірнеше минуттың ішінде аяқталады. Елбасы жақында Эстонияға жасаған сапары барысында компанияның 15 минуттың ішінде тіркеуден өткізілгеніне куә болған. Қазір біз осыған талпынудамыз және де заң жобасында бұның барлығы ескерілген», — деді О.Бектенов.

Соңғы жаңалықтар