Болашақта ҚазҰУ-да кубалық студенттер білім алады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Болашақта ҚазҰУ-да кубалық студенттер білім алады

Болашақта ҚазҰУ-да кубалық студенттер білім алады

Куба Республикасының Қазақстандағы елшісі Абелардо Ернандес Феррера мен консул Нерис Гарсией Мериньос бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қонақта болып, ректор Ғалым Мұтановпен кездесті.

  • 2 Маусым 2011
  • 867
Фото - Caravan.kz



Кездесу барысында екіжақты білім беру, ғылыми-зерттеу бағытында тәжірибе алмасу мәселесі талқыланды. Куба елшісі өз сөзінде ҚазҰУ-дың Қазақстан ғылымындағы көшбастаушы екендігіне тоқталып, жетекші білім — ғылым орталығымен әріптестік орнатуға ниетті екендігін білдірді. Ол қазақстандық жоғары оқу орындарында көптеген кубалық студенттердің оқығандығын атап өтіп, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігіне тоқталды. «Осы тәжірибе жалғасып, кубалық студенттер тәуелсіз Қазақстанмен танысса, бұрын білім алғандары, магистратурада білімін жалғастырса, ал біз өз тарапымыздан ҚазҰУ студенттері мен оқытушыларының Кубадағы ең беделді Гавана унверситетінде білім алып, тәжірибеден өтуіне жағдай жасар едік», -деді елші.

Ғалым Мұтанов бастаманы қолдап, Елбасының оқу орнын зерттеу университетіне айналдыру туралы тапсырма бергеніне тоқталды. «Бұл мақсатқа жету үшін біз ең үздік білім үлгілерін пайдаланатын боламыз. Бұл ретте белгілі оқу орындарының бірі Гавана университетімен студенттер мен оқытушыларды алмасу, ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру бағытында әріптестік орнатуға дайынбыз»,- деді ректор.

Ғ.Мұтанов ҚазҰУ-да қазіргі кезде мыңнан астам шет елдік студент оқитындығын жеткізді. «Жыл сайын испан тілі мен әдебиетін, Куба мәдениетін зерттеуші студенттер саны да көбейіп отыр. Біз алдағы уақытта шет елдік студенттер санын арттыруға дайынбыз, сондай-ақ Куба студенттерінің келуіне қуаныштымыз»,- деді Ғ.Мұтанов. Ол сондай-ақ ҚазҰУ-мен танысу үшін Гавана университетінің ректорын шақыратындығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар