Ө.Өзбеков еліміздегі болашақ инвесторлар қазір Қырғызстандағы аса ірі Бител ұялы телефон байланысы компаниясын сатуға қатысты іске баса назар аударып отыр деп мәлімдеді. «Қазақстандық инвесторлардың құқығы бұзылған жағдайда біз Қырғызстанынң жоғарғы басшылығынан көмек сұрауға мәжбүр болмақпыз»,- деді елші.
Елші 2000-жылдан бері Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымының ауқымы арта түсу ағымы байқалуда. Былтыр оның көлемі 290 млн. долларды құрады. Бүгінде Қырғызстанда Қазақстандық 4 банк пен 400-ге жуық бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, биылғы жылдың сәуір айында Қазақстанның Seimar Ivestment Group компаниясы акцияларының қоржынын толық сатып алған. Алайда Бішкек экономикалық соты Fellows компаниясының шағымына сәйкес Қазақстандық инвесторларды ұялы телефон байланысы компаниясын меншіктену құқығынан айырды.