Болашақтықтар Қазақстандағы шетелдік мамандарды алмастыра алады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Болашақтықтар Қазақстандағы шетелдік мамандарды алмастыра алады

Болашақтықтар Қазақстандағы шетелдік мамандарды алмастыра алады

Президенттік «Болашақ» стипендиясының түлектері Қазақстандағы шетелдік мамандарды алмастыра алады.

  • 4 Шiлде 2011
  • 543
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының вице-президенті Әсет Әбдуәлиев мәлім етті.

Бүгін елордалық «Көрме» кешенінде өтіп жатқан «Қазақстандық қамту-2011» көрмесінің аясында, болашықтықтар тренингтер өткізді. Әлемдік үздік жоғары оқу орындарының түлектері мұнай-газ өндіру және өңдеу саласындағы өз тәжірибелерімен бөлісті.

«Қазақстанда шетелдік жұмыс күштерін жергілікті мамандармен алмастырудың әлеуеті бар екенін көрсеткіміз келді. «Болашақтың» түлектері әлемнің үздік университетінде оқыған, ең жоқ дегенде бір шет тілін меңгерген мамандар және олар индустрияландыру жобаларына атсалысуға қазір-ақ дайын», — деп атап көрсетті Ә.Әбдуәлиев өз сөзінде.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болашақтықтар тренинг өткізген стендте болды.

Соңғы жаңалықтар