Жыл сайынғы рейтингте Forbes Kazakhstan Б.Өтемұратовтың байлығын 2,2 млрд доллар деп бағалады.
"Оның жағдайы тұрақты болып қалды, ал бұрынғы көшбасшы Владимир Кимнің активтері төмендеп кетті, оған себеп 2013 жылы LSE-де Қазақмыс акцияларының күрт төмендеуі", деп жазуда басылым.
Б.Өтемұратов "Верный Капитал" тобына басшылық етеді, оның Beeline Kazakhstan, Қазақстандағы Burger King желісінде үлесі бар, ForteBank және Kassa Nova бақылайды. Сонымен қатар, мемлекеттік "Самұрық-Қазына" қоры оған Темірбанктің 79,88% жай акциясын және Альянс банктің 16% жай және артықшылықты акциясын сатып отыр.
Екінші және үшінші орында президенттің күйеу баласы Тимур Құлыбаев пен қызы Динара Құлыбаева (олардың байлығын басылым 1,8 млрд доллар деп бағалады).
Төртінші орын делистингтелген ENRC акционерлерінің бірі Алиджан Ибрагимовтікі (1,7 млрд доллар).
Kazakhmys бас акционері Владимир Ким соңғы уақытта Қазақстанның ең бай адамды ретінде саналып келген, ол 5-ші орынға шықты, бір жыл ішінде 650 млн доллар жоғалтты. Журнал оның байлығын 1,6 млрд доллар деп бағалауда.




