Болат Сыздықовпен қоштасу рәсімі ертең өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Болат Сыздықовпен қоштасу рәсімі ертең өтеді

Болат Сыздықовпен қоштасу рәсімі ертең өтеді

Белгілі музыкант, «Мюзикола» тобының негізін қалаушы Болат Сыздықовпен қоштасу рәсімі ертең, яғни 10 мамыр күні таңертеңгі сағат 9-да басталады. Рәсім Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өтеді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. 

  • 9 Мамыр 2016
  • 511
Фото - Caravan.kz


Болат Сыздықов 7 мамырда 60 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Оның жүрегі ұстап қалған.

Танымал гитарашы әрі сазгер Болат Сыздықов 1956 жылы 21 маусымда Қарағандыда туылған. Музыкамен бала кезінен айналысып, әйгілі педагог Александр Мажелянның джаз гитарасы курсын тәмамдаған. Қарағанды филармониясына 16 жасында қабылданып, «Гәкку» ансамблінің құрамында ел аумағындағы гастрольдерге шықты.

Ол 1976 жылы республикалық «Гүлдер» ансамблінің шақыруымен Алматыға көшіп келді. Сөйтіп, әйгілі «Арай» тобының гитарашысы болды. Бұл топта Роза Рымбаеваның ән айтқаны мәлім. 90-шы жылдардың басында «Арайдың» музыканттары Рымбаевадан бөлініп шығып, «Алма-Ата» атты ұжым құрған. Олардың арасында Болат та бар еді. Мәскеуге барып, танымалдығы артқан топ кейін «А-Студио» деп аталды. 1992 жылы өзінің жеке тобын ашуды жөн көрген Болат Сыздықов Карина Абдуллинамен бірге «Мюзиколаны» құрды.

Перейти к новостям спорта