"Болдыңыз ғой бүгінде Үкіметбасы, Елордаға тау өсіп шыққандайын": Балтабек Нұрғалиев Маминге өлең арнады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Болдыңыз ғой бүгінде Үкіметбасы, Елордаға тау өсіп шыққандайын": Балтабек Нұрғалиев Маминге өлең арнады

"Болдыңыз ғой бүгінде Үкіметбасы, Елордаға тау өсіп шыққандайын": Балтабек Нұрғалиев Маминге өлең арнады

Ақтөбелік ақын Балтабек Нұрғалиев ҚР Премьер-министрі Асқар Маминге арнап өлең арнады.

  • 2 Тамыз 2019
  • 54
Фото - Caravan.kz

Ақын өлеңін Facebook парақшасына жариялады.

АСҚАР ТАУДАЙ ТҰЛҒАМЫЗ – АСҚАР АҒА

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамин Асқар Ұзақбайұлына!

«Асқардан биік тау болмас…» (Шалкиіз жырау)

Елбасымыз ұсынған бастамаға, 
Қуануда ерекше жастар, аға!
Жан кіргізіп көптеген жұмыстарға,
Өзіңіз ғой бақытқа бастар, аға!

Арналсыншы Бір Сізге жалынды одам,
Құрметтейді Бір Сізді қауым-қоғам!
Асқар тауы бар елді құлатпайды,
Жойқын желдер, дүлей күш, дауыл-боран!

Алға қадам сеніммен басқан аға,
Асқар таудай құшағын ашқан аға.
Үкіметбасы барында Өзіңіздей,
Бұл Қазақстан қиыннан жасқана ма?

Асқар тау Ол – білгенге – қуаттылық,
Асқар таудан шығады бұлақ тұнық.
Асқар тау Ол – құдірет қасиетті,
Ел мен жерге сыйлайтын тұрақтылық!

Алда талай жазылар дастан, аға,


Ашық болсын әрқашан аспан, аға!
Асқар деген – биік тау – қорған деген,
Ел қорғаны – Өзіңіз – Асқар аға!

Шыңыңызды Тәңірдің сүйіп күні,
Өзіңіздей қолдасын иықтыны.
Асқар таудай Тұлғамыз – Асқар аға,
Жасай берсін Парасат биіктігі!

Асылтекті Əкеңіз Ер Ұзақбай,
Ардақтайды Тектіні елі мақтай.
Бар бабаңыз, Ағажан, абыройлы,
Артта қалған киелі сөзі хаттай!

Сіз ДАНАСЫЗ халықтың ұққан жайын,
Сіз АҒАСЫЗ дамуды құптар лайым.
Болдыңыз ғой бүгінде Үкіметбасы,
Елордаға тау өсіп шыққандайын!

үлке-е-ен құрметпен, Балтабек Нұрғалиев