Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Тележүргізуші Мумбай елінде болып, сол елдің ұлттық киіміне қызығушылық танытып, түрлі фотосессия жасаған. Дина Төлепберген өзін нәзік екендігі күмәнмен қарады. Оқырмандарына "қызық сауал" тастады.
"Менің үстімдегі сари — Мумбайдан сый. Расында, ешқашан өзге ұлттың киімін сатып алмаппын. Бұл жолы да базарға бармадым.
Ертесіне, Мумбайды аралап жүрміз. Сіңлілерім сари киіп, одан сайын сұлуланып, суретке түсіп жатыр. Мен де қызыға қарадым . “Қап, маған да кеше осы шүберекті алу керек еді” деген ой кетті. Енді сатып алайын десем, жақын жерде дүкен де жоқ, топтан қалуға да болмайды.
Байқаса керек, Болливудқа барар жолда Айжұлдыз Адайбекова “әпке, мынау түс Сізге қатты жарасатын сияқты” деп сариін тарту етті. Таңдандым. “Халық Сізден күтпеген образдармен көрініңізші” деген тәтті тілегін айтты ол.
Мынау суреттер, содан туған тартулар. Сари кигенім болмаса, үнді қызына менің ұқсамайтыным анық☺️. Мен үшін бұл эксперимент әйелдік энергияны арттыруға бағытталды.
Қатал жүргізуші, өжет басқарушы болып, болмысым еркектерге ұқсайын деген-ау.. Ал, суреттер қалай шықты өзі? Нәзіктіктік деген менде бар ма екен?
Әйелдік энергияны арттырудың Сіз қандай жолын білесіз? Сырласайықшы", деп жазды.
Тележүргізушінің оқырмандары оны жапон қыздарына ұқсататынын айтты.
"Жапонияның, Қытайдың ұлттық киімін кисеңіз сол елдің қыздарына ұқсайсыз. Сари да жарасып тұр. Нәзіктік бар. Жылулық бар суретте", "Оо, Дина Төлепбергенді жаңа қырынан таныдым", "Сіз Чайнаға келесіз. Үнді қызын быт-шыт қылдыңыз. Тай еліне де келесіз", деп шынайы пікірлерімен бөлісті.