Бөлшек сауда көлемі қаңтар-маусымда 12%-ға өсті
2011 жылғы қаңтар-маусым аралығында бөлшек сауда (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 1628,6 млрд. теңгені құрап, 2010 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 12%-ға өсті. |
Есепті кезеңде көтерме сауда 4287,8 млрд. теңгені құрап, 2010 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 15,3%-ға артты.
Есепті кезеңде тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 78,9 млрд. теңгені құрады және 2010 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 14,2%-ға өсті.
2011 жылғы қаңтар-мамырда сыртқы сауда айналымы (Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау комитетінің деректері, ұйымдаспаған сауда есебінсіз) 48265,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2010 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 40% өсті, оның ішінде экспорт – 34906,7 млн. АҚШ долларын (44,3% өсті), импорт – 13358,5 млн. АҚШдолларын құрады (30% өсті).
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін