Жалпақ жұрттың жағасын ұстатқан 4 азаматтың қатыгездігі әлеуметтік желіні дүр сілкінткен. Даладан табылған алты қасқырдың күшіктерін табиғат қаскөйлері сүйектерін сындырып, бауыздап, тіпті күректің қырымен ұрып өлтіріп тастайды. Ал жануарларға жасаған тағылық әрекеттерін таспаға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялап жіберген. Қорқынышты бейнежазба ғаламторға Ақтөбеден салынғандықтан, қаныпезерлерді сол өңірден іздеген еді. Кейін олардың Жамбыл облысының Мойынқұм ауданынан екені анықталған. Төртеудің тек екеуіне үкім кесіліп, ал, екі азамат куәгер ретінде жазадан құтылып кетті.