Болжам бойынша қыркүйектің үшінші он күндігінде Алматыда күн 35 градусқа дейін жылиды - метеоқызмет - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Болжам бойынша қыркүйектің үшінші он күндігінде Алматыда күн 35 градусқа дейін жылиды - метеоқызмет

Болжам бойынша қыркүйектің үшінші он күндігінде Алматыда күн 35 градусқа дейін жылиды - метеоқызмет

АЛМАТЫ. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today. Қыркүйектің үшінші он күндігінде Алматыда ауа температурасы 30-35 градусқа дейін жылынады деген болжам бар. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігіне "Қазгидромет" РММ ұзақ мерзімді болжамдар бөлімінің бастығы Евгения Морозова хабарлады.

  • 1 Қыркүйек 2006
  • 514
Фото - Caravan.kz

«Үшінші он күндіктің алғашқы жартысында ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 30-35 градус жылы болады», — деп мәлімдеді Е.Морозова. Күн райын қадағалаушылардың болжауынша, одан кейін түнде ауа температурасы 1-6 градус жылы болып, артынан 0 минус 2 градусқа дейін суық түсуі ықтимал. Қыркүйектің үшінші он күндігінің соңында күндіз сынап бағанасы 17-22 градус жылылықты көрсетеді деп күтілуде.

«Жалпы бір айдағы орташа ауа температурасы Цельсий өлшемі бойынша 18 градус, яғни шамадан бір градусқа жоғары болады деген болжам бар», -дейді Е.Морозова.

«Алғашқы он күндіктің бірінші жартысында ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 18-23 , кейбір жерлерде 28 градус болуы ықтимал, одан кейін сынап бағанасы сәл көтеріледі». Екінші он күндіктің алғашқы жартысында ауа температурасы ақырындап төмендейді: түнде-1-6 градусқа дейін, күндіз 15-20 градусқа дейін жылы болады, екінші жартысында сынап бағанасы түнде 6-11, күндіз 24-29 градусқа дейін көтерілуі мүмкін,-дейді мамандар.

Е.Морозованың айтуынша, қыркүйек айында жауын-шашын шамадан аспайды. «Алғашқы он күндіктің алғашқы жартысында және екінші он күндіктің алғашқы жартысында азын аулақ жауын жауып, күн күркірейді»,- деп хабарлайды метеорологтар.

Сондай ақ , метеоқызмет өкілдерінің хабарлауынша, «айдың алғашқы жартысында батысқа қарай секундына 9-14 метрге дейін және айдың ортасында шығысқа қарай секундына 15-20 метрге дейін жел соғуы ықтимал». Оған қоса, мамандар айдың басында шаңды жел тұруы мүмкін деген болжам жасап отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта