"Бомба қойылған". Ақтөбе облысы ПД поштасына жалған хабарлама келіп түскен - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бомба қойылған". Ақтөбе облысы ПД поштасына жалған хабарлама келіп түскен

"Бомба қойылған". Ақтөбе облысы ПД поштасына жалған хабарлама келіп түскен

Ақтөбе облысы ПД поштасына оқу орындарының ғимараттарына жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарлама келіп түскен.

  • 31 Мамыр 2022
  • 28
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

31 мамырда сағат 12:30 шамасында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің электрон поштасына оқу орындарының ғимараттарына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келген. Шұғыл қызмет пен сапер тобы дереу оқиға орнына барып, ғимараттардағы жарылғыш құрылғылардың бар-жоғы тексерілген.

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Қ.Жұбанов атындағы АӨМ университеті, ЭжСУ және М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының студенттері, оқытушылары мен жұмысшылары ғимараттан шығарылған. Жарылғыш зат табылмады.

Полиция департаменті жасырын хабарламалардың авторын анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіп жатыр. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) соталды тергеу басталды. Бұл баптың санкциясы бойынша бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.