Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Әуежай баспасөз қызметінің мәліметінше, күннің бірінші жартысында ер адам ақпарат сөресіне жақындап, қауіпсіздік қызметіне жарылғыш зат әкелгенін айтқан. Полиция қызметкерлері қаскүнемді ұстап, қауіпсіздік шараларын қолданды.
Нәтижесінде ер адамнан бомба табылмады. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайды. Шабуыл туралы жалған хабарлама үшін ер адам бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.