"Бопай" алтын белбеу үшін жекпе-жекке шығады - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бопай" алтын белбеу үшін жекпе-жекке шығады

"Бопай" алтын белбеу үшін жекпе-жекке шығады

Жекпе-жек әлемінде «Бопай» лақап атымен танымал Зәмзәгүл Файзолланова кезекті кездесуіне дайындалып жатыр. Батыр қыздың бұл

  • 15 Қыркүйек 2016
  • 448
Фото - Caravan.kz

Жекпе-жек әлемінде «Бопай» лақап атымен танымал Зәмзәгүл Файзолланова кезекті кездесуіне дайындалып жатыр. Батыр қыздың бұл жолғы қарсыласы ирандық Акрам Абдумалик, деп хабарлайды BNews.kz.

Жерлесіміз 24 қыркүйекте әлем чемпионы атағына таласады. Айқас Қытайда өтеді. Қазір Зәмзәгүл өзге қазақстандық спортшылармен бірге Үрімші қаласындағы WNB базасында жаттығу жасап жүр. Бұл туралы телефон арқылы алған сұхбатымызда спортшы қызымыздың өзі былай дейді:

«Дайындыққа кірісіп кеткенбіз. Негізі, бұл жекпе-жек осыдан үш ай бұрын өтуі тиіс болатын. Алайда, WNB белгілі бір себептермен кездесуді 24 қыркүйекке ауыстырды. Уақыттың өзгергенін тиімді пайдаланып, жаттығуларды үдете түстік. Ал қарсыласымды аталған ұйым мен Astana Patriots Fight Club басшылығы бірігіп таңдады. Екеуміздің де көрсеткіштеріміз шамалас. Сондықтан, жеңіске жету мүмкіндігіміз де тең. Бұл күні Astana Patriots Fight Club атынан менен басқа Мерей Бейбітов те айқасқа шығады. Ол 65 келі салмақта сынға түседі. Сегіздікте төбелеседі. Яғни, сегіз спортшы бір-біріне қарсы шығып, әлем чемпионы белбеуіне таласады. Оның қарсыластары – Қытай, Иран, Тәжікстан және Венесуэладан болуы мүмкін деп болжап отырмыз. Белбеуді иелену үшін бір күнде кемінде үш рет жекпе-жек өткізеді.+

Жалпы, Қытайда ММА-дің даму қарқыны жоғары. Қызығушылықтың өскенін байқап жүрмін. Оның үстіне, UFC-ді де осы Аспан асты елі сатып алғанын білесіздер. Ал мемлекет тарапынан бізге қолдау жоқ. Өйткені, біз коммерциялық ұйым ретінде жұмыс істейміз. Бірақ, Марат Әйтенов секілді қолғабыс жасап жүрген ағаларымыз бар. WNB-дің Қытайдағы президенті Мұрат ағамыз да көп көмектесті. Оларға алғыс айтамын.


Маған демеу болып, тілеуімді тілеп жүрген барша жанкүйеріме, қазақстандықтарға сіздердің газеттеріңіз арқылы дұғай сәлем жолдап, сенімдеріңізді ақтауға, жерге қаратпауға барымды салатынымды айтып сендіргім келеді. Алла қолдаса, әрқашан жеңіспен оралуға тырысамын. Құрбан айт құтты болсын!