"Бөпеге обал": Түнгі клубта шиеттей сәбимен жүрген жас ана елдің ашуына тиді - kaz.caravan.kz
  • $ 503.17
  • 600.89
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бөпеге обал": Түнгі клубта шиеттей сәбимен жүрген жас ана елдің ашуына тиді

"Бөпеге обал": Түнгі клубта шиеттей сәбимен жүрген жас ана елдің ашуына тиді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. Threads әлеуметтік желісінде шулы түнгі клубта шиеттей сәбиімен бірге жүрген ананың вид

  • 30 Қаңтар
  • 12
Instagram/vastane.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Threads әлеуметтік желісінде шулы түнгі клубта шиеттей сәбиімен бірге жүрген ананың видеосы тарады. Онда бүлдіршіннің тіпті 1 жасқа толмағанын көруге болады.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша жас ана баласын тастап, тіпті ортадағы би алаңына шығып, билеп жүрген. Сондай-ақ кейбіреулер бәлкім оның ішімдік ішкенін топшылауда.

Желі қолданушылары ананың бұл әрекетін қатаң сынға алып жатыр. Олар: «Бөпеге мұндай шулы жер зиян, түнде шошымаса болды», «Балаға обал екен, қалай тастап кеткен жалғыз өзін», «Жаным, қайда келдім деп ойлап отырған шығар» деген пікірлерін жаудырып жатыр.