Боран салдарынан бірқатар республикалық жолдардың учаскелерінде көлік қозғалысы шектелді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+36 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Боран салдарынан бірқатар республикалық жолдардың учаскелерінде көлік қозғалысы шектелді

Боран салдарынан бірқатар республикалық жолдардың учаскелерінде көлік қозғалысы шектелді

Боран салдарынан еліміздің бірқатар республикалық жолдарының учаскелері жабық.

  • 14 Қаңтар 2013
  • 318
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлайды.

Алматы облысында қардың қалың түсуіне байланысты 12 қаңтар сағат 11.05-тен бастап «Қапшағай-Күрті» жолының 0-68 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Сонымен қатар 12 қаңтардан бері боран салдарынан «Үшарал-Достық» автожолының 0-184 шақырымы аралығында да автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша бүгін сағат 07.10-нан бастап «Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы» жолының 105-123 шақырымындағы «Шемонайха-РФ шекарасы» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды.

Бұдан бөлек, Ақмола облысы өңіріндегі боранға байланысты кеше кешқұрым «Астана-Ерейментау-Шідерті» жолының 16-205 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылған болатын. Бүгін сағат 08.20-дан бастап бұл жолда көлік қозғалысы жанданды.