Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Гүлден Сайранованың фейсбук желісіндегі жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Ауруханаға жетейін десе боран, жол жоқ. Сондықтан гинеколог дәрігер Іңкар Мухаметқалиқызы бастаған топ жолға шығады. Боранды күні 60 шақырымда жатқан Шіліктіге қарай жол тартқан жедел жәрдем көлігінің алдынан Нива шығады. Сөйтсе бұл толғатып жатқан келіншекті қыстақтан алып келе жатқан ауыл әкімінің қызметтік көлігі екен. Жүкті келіншекті жедел жәрдемге ауыстырған соң гинеколог баланың мойнына кіндігінің 3 рет оралып қалғанын және әні-міні дүниеге келейін деп тұрғанын әрі лицевое предлежание екенін көреді. Жалпы, бұл жағдайда ауруханада кесарь тілігі жасалынады екен. Бірақ оған уақыт жоқ. Кесарь тілігін күтсе, баланың өміріне қауіпті. Міне, осы сәтте гинеколог келіншекті жедел жәрдем көлігінде босандыруға шешім қабылдайды. Әуелі бетімен келіп тұрған баланың положениесін ауыстырып, кейін мойнына 3 рет оралған кіндікті шешкен сәтте іңгалаған тәтті үнді естиді. Ары қарай балалар мейірбикесі Үмітгүл ханым біліктілігін көрсетеді. Дәрігерлердің айтуынша, қазір ананың да, баланың да жағдайы жақсы", — делінген жазбада.
Осылайша, салмағы 2300 грамм қыз дүниеге келген. Сондай-ақ автор жазбасында біліктілік көрсеткен дәрігерлердің марапатталуы керек екендігін айтқан.