Жарияланды: 420

Боранға байланысты бірқатар республикалық жолдардың учаскелерінде көлік қозғалысына тыйым салынды

Боранға байланысты бірқатар республикалық жолдардың учаскелерінде көлік қозғалысына тыйым салынды

Боранға байланысты Қазақстанның бірқатар өңірлеріндегі республикалық жолдардың учаскелері жабық.

Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша кешеден бері «Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы» жолының 105-123 шақырымындағы "Шемонайха-РФ шекарасы" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. 14 қаңтар сағат 18.30 бастап - "Өскемен-Шемонайха-РФ шекара" жолының 33-102 шақырымындағы "Предгорное - Шемонайха"; - "Өскемен-Зырян-Рахман бұлақтары" жолының 6-166 шақырымындағы «Ушанова -Зырян» аралықтарында жол жабылған болатын. Бүгін сағат 10.00 бастап жол ашылды. Бұдан бөлек, сағат 10.00 бастап қолайсыз ауа райына байланысты «Алматы-Өскемен» жолының 977-1075 шақырымындағы «Қалбатау-Қ.Қайсенов» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Ақмола облысы өңірінде кеше «Астана-Петропавл» жолының 18-234 шақырымындағы «Астана-Щучинск» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынған еді. 15 қаңтарда сағат 08.00-ден бастап жол ашылды. Бұдан басқа, кеше кешке «Астана-Ерейментау-Шідерті» жолының 16-205 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Сондай-ақ 14 қаңтарда сағат 18.45-тен бастап қолайсыз ауа райына байланысты "Екатеринбург-Алматы" жолының 1280-1353 шақырымындағы «Астана - Қарағанды облысы шекарасы» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Бүгін сағат 10.30 бастап көлік қозғалысы жанданды. Қарағанды облысы бойынша кешеден бері «Қызылорда-Павлодар» автожолының 433-749 шақырымындағы "Жезқазған-Атасу" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Бүгін сағат 10.30-дан бастап жол ашылды. Бұдан бөлек, 14 қаңтарда сағат 19.35-тен бастап "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1425-1353 шақырымындағы "Ақтау жолөткелі-Ақмола облысы шекарасы" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды. 15 қаңтарда сағат 10.15-тен бастап жол ашылды. Павлодар облысы өңіріндегі боран салдарынан кеше кешқұрымнан бері "Астана-Ерейментау-Шідерті" жолының 205-259 шақырымындағы "Ақмола облысы шекарасы-Шідерті" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты. «Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін