Caravan Logo

Боранға байланысты бірқатар республикалық жолдардың учаскелерінде көлік қозғалысына тыйым салынды

Боранға байланысты бірқатар республикалық жолдардың учаскелерінде көлік қозғалысына тыйым салынды

Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша кешеден бері «Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы» жолының 105-123 шақырымындағы "Шемонайха-РФ шекарасы" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

14 қаңтар сағат 18.30 бастап - "Өскемен-Шемонайха-РФ шекара" жолының 33-102 шақырымындағы "Предгорное - Шемонайха"; - "Өскемен-Зырян-Рахман бұлақтары" жолының 6-166 шақырымындағы «Ушанова -Зырян» аралықтарында жол жабылған болатын. Бүгін сағат 10.00 бастап жол ашылды.

Бұдан бөлек, сағат 10.00 бастап қолайсыз ауа райына байланысты «Алматы-Өскемен» жолының 977-1075 шақырымындағы «Қалбатау-Қ.Қайсенов» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Ақмола облысы өңірінде кеше «Астана-Петропавл» жолының 18-234 шақырымындағы «Астана-Щучинск» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынған еді. 15 қаңтарда сағат 08.00-ден бастап жол ашылды.

Бұдан басқа, кеше кешке «Астана-Ерейментау-Шідерті» жолының 16-205 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Сондай-ақ 14 қаңтарда сағат 18.45-тен бастап қолайсыз ауа райына байланысты "Екатеринбург-Алматы" жолының 1280-1353 шақырымындағы «Астана - Қарағанды облысы шекарасы» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Бүгін сағат 10.30 бастап көлік қозғалысы жанданды.

Қарағанды облысы бойынша кешеден бері «Қызылорда-Павлодар» автожолының 433-749 шақырымындағы "Жезқазған-Атасу" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Бүгін сағат 10.30-дан бастап жол ашылды.

Бұдан бөлек, 14 қаңтарда сағат 19.35-тен бастап "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1425-1353 шақырымындағы "Ақтау жолөткелі-Ақмола облысы шекарасы" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды. 15 қаңтарда сағат 10.15-тен бастап жол ашылды.

Павлодар облысы өңіріндегі боран салдарынан кеше кешқұрымнан бері "Астана-Ерейментау-Шідерті" жолының 205-259 шақырымындағы "Ақмола облысы шекарасы-Шідерті" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.

«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.