Жарияланды: 400

Боранға байланысты Қазақстанның үш облысында күре жолдар жабылды

Боранға байланысты Қазақстанның үш облысында күре жолдар жабылды

Қазақстанның үш облысы аумағындағы республикалық жолдар боранға байланысты жабылды.

Бұл туралы бүгін «Қазавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарлады. Атап айтқанда, Алматы облысы бойынша кеше түстен бастап «Үшарал-Достық» автожолының 93-184 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды. Ал Жамбыл облысы бойынша бүгін таңғы сағат 4.30-дан бастап боранға байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 536-593 шақырымы бойында автокөліктерге жолға шығуға тыйым салынды. Бұдан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 611-593 шақырымындағы «Ақбиік-Жамбыл облысының шекарасы» учаскесі көлік қозғалысы үшін бүгін сағат 9.30-дан бастап жабылды. Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы техникалары кезекшілікке шықты. «Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777; Жамбыл облысы бойынша 8 (7262) 31-50-83; Алматы обылысы бойынша 8 (7272) 95-80-09 телефондары арқылы мәлімет алуға болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін