Боранға байланысты Қазақстанның үш облысында күре жолдар жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Боранға байланысты Қазақстанның үш облысында күре жолдар жабылды

Боранға байланысты Қазақстанның үш облысында күре жолдар жабылды

Қазақстанның үш облысы аумағындағы республикалық жолдар боранға байланысты жабылды.

  • 29 Қараша 2012
  • 387
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін «Қазавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтқанда, Алматы облысы бойынша кеше түстен бастап «Үшарал-Достық» автожолының 93-184 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Ал Жамбыл облысы бойынша бүгін таңғы сағат 4.30-дан бастап боранға байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 536-593 шақырымы бойында автокөліктерге жолға шығуға тыйым салынды.

Бұдан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 611-593 шақырымындағы «Ақбиік-Жамбыл облысының шекарасы» учаскесі көлік қозғалысы үшін бүгін сағат 9.30-дан бастап жабылды.

Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы техникалары кезекшілікке шықты.

«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777; Жамбыл облысы бойынша 8 (7262) 31-50-83; Алматы обылысы бойынша 8 (7272) 95-80-09 телефондары арқылы мәлімет алуға болады.

Перейти к новостям спорта