“Бортпроводник мені ғана байлап қойды”: Қайрат Нұртас өзін жәбірленуші екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 481.84
  • 531.33
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Бортпроводник мені ғана байлап қойды”: Қайрат Нұртас өзін жәбірленуші екенін айтты

“Бортпроводник мені ғана байлап қойды”: Қайрат Нұртас өзін жәбірленуші екенін айтты

Астанада Қайрат Нұртасқа қатысты баптар бойынша сот процесі басталды Әншінің өзі сотқа онлайн қатысып, өзін жәбірленушімін деп жариялады.

  • 5 Шiлде
  • 331
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Мен ұрған жоқпын, әуелі мені соққыға жықты», – деп жауап берді Қайрат Нұртас. Әртіс Қайрат Нұртас қарсы арызды өзі бермекші деп отыр.
Ол жанжалдың неден басталғанын айтып берді
«Мені досым тойға шақырды. Тойға бара алмаймын дедім. Ол неге келмейсің деп боқтап, басымнан екі рет ұрды. Мен де оны ұрдым. Сосын тыныш отырдым. Бірақ артымнан келіп тағы ұрды. Болғаны осы. Тәртіпті бұзған жоқпын. Мен жәбірленушімін», – деді әнші.
ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі («Ұсақ бұзақылық бір жыл ішінде қайталап жасалған») және 73-бабының 1-1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») бойынша іс қозғалды.
Сот барысында процесске Қайрат Нұртастың ресми өкілі болып інісі Аян Нұртас пен анасы Гүлзира Айдарбекова қатысып отыр.
Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, Аслан есімді ер адаммен баласы Қайрат Нұртас екеуі бұрыннан жақын таныс әрі дос екенін мәлімдеді. Анасы баласына сот тарапынан сұрақтар қоймауын талап етті.
Ал Аслан есімді жәбірленуші
«Мені жерден алып, жерге салып боқтаған сөздері де бар. Таңертең тұрып ортақ достарымызға хабарласып, ол неге мені боқтады, ренжулі ме деп сұрадым. 4 сәуір күні жолға шықтым, сол кезде ұшақта Қайратты көрдім. Сосын неге боқтадың деп сұрадым. Мені бортпроводник алып кетті. Сол кезде мені Қайрат ұрды. Сосын екеуміз ұшақ ішінде екі жаққа отырдық. Ұшақтан түскен соң полиция екеумізді алып кетті», – деді жәбірленуші.
Бортпроводник мені ғана байлап қойды. Қайратты халықтың баласы болған соң қолдады ма. Мені ғана байлап, мені ғана тыныш отырғызды. Менің тарапымнан бұзылды деп есептемеймін. Қайрат тарапынан бұзылды деп есептеймін. Әнші маған неше түрлі балағат сөздер айтты. Айдарбековке арыз шағым жоқ. Әкімшілік істі қысқартуды сұраймын», — деді жәбірленуші.
Сотқа әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова
«Бір біріңе кешірім берулерің керек. Алып бара жатқан мұрның сынған, басың қанаған, көзің шыққан ештеңе жоқ. Екеуің де маған басқа адам емессіңдер, сен де маған балам сияқтысың», — деді Айдарбекова.