“Бортсерік сотталуы мүмкін бе”: Тірі қалған стюардессаға қатыста тың ақпарат тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 521.81
  • 543.67
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Бортсерік сотталуы мүмкін бе”: Тірі қалған стюардессаға қатыста тың ақпарат тарады

“Бортсерік сотталуы мүмкін бе”: Тірі қалған стюардессаға қатыста тың ақпарат тарады

Желіде Ақтау маңындағы ұшақ апатынан аман қалған стюардессаға қатысты тың ақпарат тарап жатыр.

  • 27 Желтоқсан
  • 1266
Фото: smartnews.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Төлжан Иманалы есімді желі қолданушысының пайымдауынша, тексеріс барысында бортсеріктің өз міндетін дұрыс атқармағаны анықталса, сотталып кетуі мүмкін.

“Әуе заңы

Ұшақ құлап бара жатқанда бортсеріктер салқын қандылық танытуы тиіс. Олар жолаушылардан белдіктерін ағытып, аяқ киімдерін шешуін талап етеді. Және талаптың орындалуын қадағалауы тиіс. Оның кәсіби жұмысы сол. Қас бен көздің арасындағы ситуацияда, халық шыңғырып, айқайлап шулап жатқанда бортсеріктің айтқандарын тыңдамайды да, орындамайды. Сондықтан, тексеріс барысында, жолаушылардың белдіктері ағытылмаған, аяқ киімдері шешілмеген болып шығады. Ал, оны қадағаламаған және орындатпаған бортсерік кінәлі болады. Егер ол тірі қалса, сол үшін сотталады. Құлаған ұшақтың ішінде аман қалған кейбір жолаушылардың жалаңаяқ болғаны және құтқару кеудешесін кигені бортсерікті тыңдап, соның командасын орындағаны болып табылады.

Ұшақ құлағанда бірге өліп қалған дұрыс! Тірі қалсаң да өлгенің дейді стюарт балам, деп жазыпты”, — деп жазды ол.