Борышкерлер банктердің бассыздығына тыйым болатын заң қабылдауды сұрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Борышкерлер банктердің бассыздығына тыйым болатын заң қабылдауды сұрайды

Борышкерлер банктердің бассыздығына тыйым болатын заң қабылдауды сұрайды

Борышкерлер ипотекалық несие туралы заңның қайта қаралуын кезекті рет талап етті. Сонымен қатар, іске уәкілетті органдардың араласуын сұрайды. Өйткені борышкерлердің айтуынша, екінші деңгейлі банктер жеке тұлғалармен жүргізген арадағы келісім-шарттарды сақтауды қойған. Сондықтан банктерге тыйым болатын заң қабылдау қажет деп отыр. Тиісті талаптарын олар бүгін қаржыгерлермен кездесуінде білдірді.

  • 26 Шiлде 2011
  • 454
Фото - Caravan.kz

«Егер миллионның астында қаларымды білгенде, ипотекалық несиеге жоламас едім!» Үш жылдық есеп үшін «Темірбанктің» алдында 67 миллион теңгеге қарыздар болған Әсем Мырзағалиева «қаржы өкілдерімен кездесу болады» деген отырысқа арнайы келген көптің бірі.

Әсел Мырзағалиева, борышкер:

— Мен банктен барып жөн сұрасам, тыңдайтын адам жоқ. Онда үйімді қайтарып алып, сатып ақшасына қарыздарыңды алыңдар десем, «үйіңіз 25 мыңға долларға сатылады, ал қалған соманы төлей алмасыңыз, кейін немерелеріңіз өтейтін болады» дейді. Бұл не деген сұмдық. Оған заң рұқсат ете ме?

«Бұл бір ғана жағдай, екінші дейңгейлік банктермен арадағы келісімге көңілі толмайтындар саны мыңға жетеді», — дейді борышкерлер құқын қорғаушылар. Және бұл іске «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры мен заң органдарынын араласуын сұрап, үш талап қойды.

Сәния Нұғман, «Баспана халықта қалсын» ҚБ өкілі:

— Бірінші, индиксация алынып тасталсын, екінші – несие шетелдік валютамен, яғни доллармен есептемесін. Өйткені, оның бағамы әртүрлі есептеледі. Үшінші – комиссиялық төлем алынып тасталсын. Өйткені несиені ерте төлесең де, кеш төлесең де айыппұл салады.


Талап қойылғанмен оның орындалу жағы оңай болмайтын сыңайлы. Өйткені кездесуге келген қаржы қауымдастығы мен заң органдары өкілдері оған ұзақ уақыттың кететінін алға тартып әлек.

Сергей Бутырский, Ликвидация және қаржылық бақылау департаменті директорының орынбасары:

-Шынымды айтсам, ол жағы біраз уақытты алады. Және іспен прокуратура араласуы қажет. Сонымен қатар, доллармен есептелу мәселесі көп болмайды. Ал комиссиялық төлем жағын әлі анықтау қажет. Оны жеке тексеретін боламыз.

Десе де, бұл кездесудің әдеттегісінен ерекшелігі болмады. Барлығын «тексеру керек» деген бір сөзбен ғана шектелгендей күйде өтті. Бірақ алматылық борышкерлер күздің алғашқы айында Астанаға шықпақ. Онда мақсаттары өзге аймақтағы борышкерлерімен бас біріктіріп, нақты іс әрекеттер барысын талқылау.    

Соңғы жаңалықтар