Босқындар Венгрия астанасындағы теміржол қозғалысын тұралатты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Босқындар Венгрия астанасындағы теміржол қозғалысын тұралатты

Босқындар Венгрия астанасындағы теміржол қозғалысын тұралатты

Еуропаға жайлы тұрмыс іздеп алғылған мигранттар бүгін Венгрия астанасындағы теміржол қозғалысын тұралатты. Будапешт вокзалында 2 мыңнан астам адам пойыздарға қарай лап қойған. Бірақ билік Батыс Еуропа елдеріне жүретін бағыттарының барлығын уақытша тоқтатып тастады.

  • 4 Қыркүйек 2015
  • 280
Фото - Caravan.kz

Босқындарды вокзал аумағынан шығару да оңайлықпен іске аспайын деп тұр. Өйткені Таяу Шығыс пен Африкадан барған мигранттардың Будапешт арқылы Австрия мен Германияға өтуге талпынып жүргеніне бірнеше күн болған. Венгрия келімсектерге квота бөліп, уақытша паналату туралы еуропалық заңға да бағынбады. Ресми Будапешттің мәлімдеуінше, жыл басынан бері жүз мыңнан астам, ал тек тамыз айында 35 мың адам шекарадан өтіпті. Бір мезетте мұнша адамды қабылдауға онсыз да қалтасы жұқа венгр үкіметі қауқарсыз сыңайлы. Ал босқындар бұған қарайтын емес. Ойлары қалай да Германия, Франция мен Англия сияқты дамыған елдерге жету. Сарапшылар мұны иммиграциялық дағдарыстың белгісі деп отыр. Еуропада осындай дүрбелең соңғы рет 90-шы жылдары Югославиядағы соғыс кезінде болған екен. 

Соңғы жаңалықтар