Полина Ханым ұзақ уақыт бойы қазақстандық және шетелдік көрермендерді керемет музыкалық эксперименттермен таң қалдырды. Францияның, Бразилияның, Португалияның және БАӘ-нің Қазақстандағы елшіліктерімен мәдени жобалар мен ынтымақтастықтар әртіс шығармашылығының ажырамас бөлігіне айналды. Полина Ханымның жаңа туындысы егер әйгілі босса нова қазіргі уақытта Қазақстанда пайда болса, қалай болатынын елестететін батыл әрекетті бейнелейді. Композициялар күтпеген үйлесімділікке, вокалға және ырғаққа толы.
«Бұл сингл — менің бразилиялық босса новаға және қазақ тіліне деген сүйіспеншілігімнің нәтижесі. Синглмен соңғы 10 жыл бойы жұмыс жүргізілді. Мен босса нованы алғаш естігенімнен және «Ипанема қызын» ойнағаннан бері дәл осынша уақыт өтті. Мәтінді португал тілінен қазақ тіліне белгілі ақын-аудармашы Наргиз Маркаева аударды. Релиздің мұқабасын бразилиялық суретші
Роджерио Педро салған», — деді Полина Ханым.
Джаз стандарттарын шет тілдеріне аудару ‒ әлемге әйгілі тәжірибе. Мысалы, «Ипанема қызы» әлемнің көп тіліне аударылған: ағылшын, испан, португал, итальян, француз. Бұл ән Yesterday The Beatles-пен бірге әлемдегі ең көп орындалатын әндердің бірі болып саналады. Осыған қарамастан, босса нованы қазақ тіліне осы уақытқа дейін ешкім аудармаған.
Тұсаукесерде Полина Ханым барлық үш композицияны тікелей эфирде орындады.
29 қарашада «Qazaq Bossa Nova» макси-синглы ресми түрде Apple Music, Spotify, Яндекс музыкасы сынды т.б. барлық цифрлық алаңдарда пайда болды.