Прайм Крайм ақпарат агенттігінің мәліметінше, арнайы жасақ Маймышевті "Измайлово Альфа" қонақ үйінен қолға түсірген. Мәліметтер бойынша Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты ұсталған "Дикий Арманға" қамқорлық көрсетуі мүмкін деген сыбыс бар көрінеді.
Дегенмен әлеуметтік желіде көпшілік "Дикий Арман" қысымға шыдамай "Леха Маймышты" сатып кетті ма деген күдік жайлы айта бастады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Мысалы Мұхит Тастан өз парақшасында былай деп жазыпты:
"Қазақстанның қылмыс əлеміндегі (Вор в законе) ең мықты адамы Лёха ұсталыпты. Мəскеу қонақ үйлерінің бірінде ұсталған. Шын есімі Айтқали Маймышев. Оның ұсталу себебін Дикии Арманмен байланысы бар. Арманға қолдау көрсетіп жүргенімен жəне Қазақстандағы қырғынға қатысы болуы мүмкін деген себептермен ұстағанға ұқсайды. Лёханың "Дикий Арманнан" айырмашылығы жəне беделінің күштілігі оның ВОР статусын ресми түрде алғандығында. Демек біздің Қазақ елінде де ВОР статусын алғандар баршылық екені. Жəне бұл адамның ұсталуы бұл нəрсенің оңайлықпен тыншымайтынын білдіреді. Егер Дикиге қатысты ұсталғаны рас болса, онда тергеудегі Арман қиындыққа шыдамай мынаны сатып жібергені болады ғой. Ал ол дегенің ворлар əлемінде стукач деп айыпталатын кешірілмес күнə. Бірақ ешқандай қиындық көрмей Қызылдардың крыша астында өскен Арман оны қалай түсінсін. Жан қиналды. Сатты да жіберді ме кім білсін. Егер осылай болған күннің өзінде Дикиге по любому хана. Ол енді азаматтық өмірде де ешкім бола алмайды.Бостандыққа шыққан күннің өзінде Ворлар оны асып қояды",- деп жазды Мұхит Тастан.
Еске салсақ, кеше қамауда отырған Арман Жұмагелдиевтің үш бірдей адвокаты оның қайта екенін білмейтінін айтып дабыл қаққан болатын.
ВИДЕО: https://youtu.be/W2RQmOpwNXc