"Бөтен түгіл, өз туысыңның үйіне бара алмаймыз": Досымжан Таңатаров отбасындағы кикілжің туралы алғаш рет айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+17 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бөтен түгіл, өз туысыңның үйіне бара алмаймыз": Досымжан Таңатаров отбасындағы кикілжің туралы алғаш рет айтты

"Бөтен түгіл, өз туысыңның үйіне бара алмаймыз": Досымжан Таңатаров отбасындағы кикілжің туралы алғаш рет айтты

Танымал дәстүрлі әнші Досымжан Таңатаров бүгінде халықтың тұрмыс-салтының өзгергенін айтып, дабыл қақты.

  • 20 Ақпан
  • 135
Instagram/zhanserik_beiseyev

Ол өзінің де қазір туысының үйіне хабарсыз бара алмайтынын атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Әнші қазіргі балалардың басқа заманда тәрбиеленіп жатқанын атап өтті.

«Біз бұрын басқа уақытта тәрбиелендік, туыстарымыздың үйіне емін-еркін бара алатынбыз. Қазір ешкім ешкімге беймезгіл, бей уақытта бара алмайды. Барса хабарласып, алдын ала айтады. Біздің кезде телефон да жоқ, үйіне барып алып, үйінде жоқ болып қалып, есігінің алдында отыра беретінбіз. Түннің бір жарымында құда бола ма, басқа бола ма, бір көрген адамның үйіне кіре беретінбіз.

Олар оны кәдімгідей қабылдайтын, олар сосын жоқты да, барды да қабылдай беретін. Сын көзбен қарамайтын, оны біз де қабылдай беретінбіз, осындай екен болды дегендей. Солармен бірге аштықты-тоқтықты көріп, бар нәрсені жеп дегендей.

Қазір бөтен түгілі өзіңнің туысыңның өзі «біз келе жатырмыз, бола ма, болмай ма» деп ескертеді. Ол болмайды десе ренжуге хақың жоқ. Сондықтан ұл-қыздарымыз басқа уақытта тәрбиеленіп келе жатыр», — деді әнші.