Энергетика министрі Қанат Бозымбаев «ҚазМұнайГаз" жанармай құю станцияларында АИ-92 маркілі бензиннің арзандауына қатысты пікір білдірді, хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Нарықта тауардың іркілуі болды. Сұраныс төмендеп, өзара бәсекелесіп жатыр", — деді Бозымбаев бүгін тілшілерге. Бұған дейін "ҚазМұнайГаз Өнімдері" компаниясы "ҚазМұнайГаз" жанармай құю желісі АИ-92 маркалы бензинінің бөлшек сауда бағасын литріне 142 теңгеге дейін төмендеткенін хабарлаған болатын. "Теңгенiң долларға қатысты бағамы күшеюінің жалғасып отырған үрдісі Ресей Федерациясынан әкелген отын импортының арзандауына ықпал етті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы АИ-92 қорының деңгейі нарықта көтерме бағаның тұрақтануына мүмкіндік берді", — делінген хабарламада.