Бозымбаев: Әлем бойынша салыстырғанда Қазақстанда бензин бағасы арзан - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бозымбаев: Әлем бойынша салыстырғанда Қазақстанда бензин бағасы арзан

Бозымбаев: Әлем бойынша салыстырғанда Қазақстанда бензин бағасы арзан

Бензин бағасы бойынша Қазақстан рейтингтің соңынан есептегенде 12-ші орында, дизель отыны бойынша 14-ші орында тұр. Яғни, әлемнің 167 елінің ішінде 11-інде ғана бензин біздегіден арзан.

  • 21 Мамыр 2018
  • 24
Фото - Caravan.kz

ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстанның мұнай-газ секторын дамыту» тақырыбында өткен үкімет сағатында ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаев Қазақстанда бензин әлем бойынша салыстырғанда арзан екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бүгінде Ресейде АИ-92 бензині 214-220 теңге, ал біздің елімізде орташа алғанда 160 теңге тұрады", — деді министр.

Сөзінің дәлелі ретінде депутаттардың назарына халықаралық агенттіктің рейтингісін ұсынды.

"Салыстыру үшін 167 елдегі мұнай өнімдерінің бағасы бойынша жасалатын халықаралық «Глобал Петрол Прайсес» агенттіктің рейтингісін ұсынуға рұқсат етіңіздер. Бұл рейтингті халықаралық агенттік ай сайын жасайды. Біздің елімізде ең қымбат мұнай өнімдері деген сөзді өте жиі естиміз. Бензин бағасы бойынша Қазақстан рейтингтің соңынан есептегенде 12-ші орында, дизель отыны бойынша 14-ші орында тұр. Яғни, әлемнің 167 елінің ішінде 11-інде ғана бензин біздегіден арзан. Олардың арасында Венесуэла, Иран, Кувейт, Түрікменстан бар. Дизель отынының бағасы 13 мемлекетте ғана төмен, олар — Венесуэла, Иран, Сауд Арабиясы, Әзербайжан, Түрікменстан", — деп атап өтті министр.

Сондай-ақ, Бозымбаев Қазақстанда бензин бағасы көрші Ресей мемлекетіне қарағанда арзан екенін айтты.


"Бұл мұнай өндіруші елдер деп айтуларыңыз мүмкін. Бірақ Сауд Арабиясы, Бірікке Араб Әмірліктері, АҚШ, Ресей, Әзербайжан секілді мұнай өндіруші елдерде де бензин бағасы бізден қымбат. Бұл рейтингті халықаралық агенттік ай сайын жасайды", — деді ол.

Оқи отырыңыз:

Алматыда шаштараз өртеніп, 15 жасар қыз зардап шекті

Ерке Есмахан: Маxаббат жасқа да, нәсілге де қарамайды

Қан қызыл түске боялған Алматы өзенінің суы жұртты шошытты
 
 

 

 

Соңғы жаңалықтар