БҚА «ҚазМұнайГаз» Алматыға нақты ақшаға бензинді шектеулі түрде ғана жеткізіп отыр деп күдіктенуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚА «ҚазМұнайГаз» Алматыға нақты ақшаға бензинді шектеулі түрде ғана жеткізіп отыр деп күдіктенуде

БҚА «ҚазМұнайГаз» Алматыға нақты ақшаға бензинді шектеулі түрде ғана жеткізіп отыр деп күдіктенуде

ҚР бәсекелестікті қорғау агенттігі «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ-ны өзінің нарықтағы үстем жағдайын асыра пайдаланып, Алматыға нақты ақшаға бензин жеткізуде шектеу қойып отыр деп күдіктенеді, делінген монополияға қарсы күрес ведомствосының сайтында.

  • 17 Маусым 2011
  • 496
Фото - Caravan.kz

Құжатқа сай, қазіргі уақытта агенттік аймақтардағы ЖЖМ нарығындағы жағдайға талдама жасап жатыр. Мысалы, агенттіктің Алматы облысы және Алматы бойынша аймақаралық инспекциясы анықтағандай, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ-ның алматылық филиалының АИ-80 бензинін тек талонмен жіберіп жатқандығын, сондай-ақ нақты ақшаға ЖҚС-терде бензин сату шектеулі екені белгілі болып отыр.

«Қазіргі уақытта агенттік аталған АҚ қалаға бензин жеткізуді және ЖҚС-терде нақты ақшаға бензин сатуды негізсіз шектеп отырғанын тексеріп жатыр», — делінген жұма күні таратылған хабарда.

Одан басқа БҚА-ның аймақтық бөлімшелері нарық субъектілерінің негізсіз ЖЖМ бағасын көтеруін тексеріп жатыр, делінген мәтінде.

Егер монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы анықталса, агенттік айыпты тұлғаларға қатысты тиісті шараларды қолданады.

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» 2009-шы жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК-ға тиесілі ЖҚС желілерінің оператор компаниясы ретінде құралған. Қазіргі уақытта ҚМГ-дың бөлшек саудадағы желісі 278 ЖҚС-тан тұрады.

Соңғы жаңалықтар