БҚО: 220 тоннадан астам мұнай өнімдері заңсыз айналымнан алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.57
  • 612.78
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО: 220 тоннадан астам мұнай өнімдері заңсыз айналымнан алынды

БҚО: 220 тоннадан астам мұнай өнімдері заңсыз айналымнан алынды

БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеулер қызметі облыс аумағына құжат бойынша

  • 28 Қыркүйек 2015
  • 496
Фото - Caravan.kz

шикі мұнай деп рәсімделген жол битумын Ресейден заңсыз жеткізудің жолын кесті.

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған дерек бойынша ҚР ҚК 197-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық істі тергеу барысында бұған облыс тұрғынының қатысы бары анықталды. Орал қалалық сотының үкімімен ол айыпты деп танылып, 1 мың АЕК көлемінде айыппұл салынды. Тәркіленген, салмағы 48,324 тонна жүк (битум) мемлекет пайдасына жатқызылды.

Жыл басынан бері департаменттің экономикалық тергеулер қызметі 15 қылмыстық іс  қозғаса, соның 8-і сотта қаралып, үкім шықты. Барлығы 220 тоннадан астам мұнай өнімдері заңсыз айналымнан алынды.