Ол «Халық аспабы сазы» аталымы бойынша топ жарды. Түрлі жанрда (вокал, күй, оркестр, би және басқа) 1200-ге жуық жас дарындар жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлініп, бақ сынаған еді. Үлкен топқа түскен Қуаныш сахнаға алғашқы болып көтеріліп, Құрманғазының «Байжұмасы» мен Нұрғиса Тілендиев орындаған «Бала мешкінін» шеберлікпен тартып берді.
Күй өнері Бөкей ордасында әуелден мықты дамыған. Бұл Құрманғазы мен Дәулеткерей, Дина мен Сейтек сынды бірегей дарындар шыққан өлке.