БҚО әкімі ақындар Иран-Ғайып пен Е.Әбдіхалықованы қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО әкімі ақындар Иран-Ғайып пен Е.Әбдіхалықованы қабылдады

БҚО әкімі ақындар Иран-Ғайып пен Е.Әбдіхалықованы қабылдады

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңірге шығармашылық сапарымен келген белгілі ақындар, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Иран-Ғайып (Иранбек Оразбаев) пен Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Елена Әбдіхалықованы қабылдады.

  • 16 Қаңтар 2013
  • 568
Фото - Caravan.kz

Кездесуде әдебиет пен өнердің дамуы туралы әңгіме өрбіді.

Иран-Ғайып — көптеген өлең кітаптарының авторы, сонымен қатар драматургия саласында да жемісті еңбек етіп келеді. Оның пьесалары республика театрларында жиі қойылады. Соның ішінде «Махамбет» трагедиясы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының төлқұжаты іспеттес, әр маусым осы туындымен ашылады.

Айтыс өнерінде жарқ етіп көрінген Елена Әбдіхалықова халыққа кеңінен таралған «Есіңе мені алғайсың», «Көздеріңе ғашықпын» сынды әндер де жазды. Барлығы қырықтан астам әні бар ақын-композитор тарихи тақырыпта көлемді шығарма жазбақ ниетте.

«Батыс Қазақстанда өнер адамдарына, ақындарға облыс басшылығы тарапынан қолдау көрсетіледі екен. Біз соған көз жеткіздік», дейді меймандар.