БҚО атынан сынға түсіп жүрген еркін күрес шебері А.Шапиев әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО атынан сынға түсіп жүрген еркін күрес шебері А.Шапиев әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды

БҚО атынан сынға түсіп жүрген еркін күрес шебері А.Шапиев әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды

Қыркүйектің 12-сінде Мәскеуде өткен әлем чемпионатында БҚО атынан ел намысын қорғап жүрген Абдулхаким Шапиев қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 13 Қыркүйек 2010
  • 678
Фото - Caravan.kz


Ол 74 килә салмақта қола жүлде үшін бәсекеде атақты кубалық балуан, олимпиада ойындарының жүлдегері Иван Фундораны ұтты. Белдесу аса тартысты болды. Бірінші кезеңде 1:0 есебімен Абдулхаким басым түссе, екіншісінде дәл осындай есеппен кубалық есе қайырды. Шешуші кезеңде А.Шапиев тағы да 1:0 есебімен шеберлігін асыра білді. Сөйтіп ол осы салмақтағы мықты балуандардың бірі екендігін дәлелдеп, Лондон олимпиадасында олжа салуға мүмкіндігінің бар екендігін көрсетті. 74 килә салмақта ресейлік балуан Денис Царгуш чемпион атанса, біріншілік барысында Абдулхакимнен айласын асырған ирандық Садех Гударзи күміс жүлдені қанағат тұтты.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера