БҚО: бір ғана ауылда мың басқа тарта мал өртелді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО: бір ғана ауылда мың басқа тарта мал өртелді

БҚО: бір ғана ауылда мың басқа тарта мал өртелді

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында аусыл ауруына шалдыққан төрт түліктің көзі жойылып жатыр. Індет мұнда апта басында қайта өршіген болатын.

  • 24 Маусым 2011
  • 419
Фото - Caravan.kz


Тек Ілбішін ауылының өзінде мың басқа тарта мал өртелді. Оның 200-ден астамы ірі қара, қалғаны ұсақ жандық. Бұл елдімекендегі бар малдың үштен бірі. Қазір эпидемиологиялық ахуал өршіп кетпесі үшін індетке шалдыққан төрт түліктің өлекселері көміліп жатыр. Ал ауру ошағы қоршауға алынып, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, өткен айда да осы Ақжайық ауданында аусыл дерті дендеп, 2 жарым мың бас мал қырылған. Тінәлиев ауылы сол кезде карантинге жабылған еді. Бірақ содан нәтиже шықпаған сыңайлы. 

Соңғы жаңалықтар