БҚО бюджеті 5 млрд. астам теңгеге нақтыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО бюджеті 5 млрд. астам теңгеге нақтыланды

БҚО бюджеті 5 млрд. астам теңгеге нақтыланды

Бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс 33-ші сессиясының отырысы болып өтті. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ұсыну және 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері талқыланды.

  • 22 Маусым 2011
  • 492
Фото - Caravan.kz

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша сөз алған облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының саяси кеңесі отырысында ағымдағы жылдың 19 тамызында өтетін ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауына Рашит Ахметовтің кандидатурасы ұсынылғандығын мәлім етті. Рашит Сайранұлының Парламент қабырғасында жүрген 12 жыл ішінде облыстың мақсат-мүддесі үшін белсенді еңбек еткенін айта келе, болашақта да облыстағы күрмеуі күрделі мәселелерді шешуге атсалысарына сенім білдірді. «Нұр Отан» ХДП фракциясының атынан депутаттарды терең тәжірибе жинақтаған жауапкершілігі мол іскер азаматтың кандидатурасын қолдауға шақырды. Тұрақты комиссияның мүшесі Қазыбай Бозымов, облыстық мәслихат депутаты Кейпін Төлегенов те Рашит Ахметовтің өзі өскен өлкенің тыныс-тіршілігінен үнемі хабардар болып жүретінін, жерлестерінің мұң-зарына құлақ түріп, ұдайы қамқорлық танытатынын айтты.

Дауыс беру нәтижесінде депутаттар бірауыздан Р. Ахметовтің кандидатурасын қуаттады.

Сессия отырысында сондай-ақ су тасқыны салдарынан пайда болған төтенше жағдайларды жоюға бағытталған 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджетке толықтырулар мен өзгертулер енгізу мәселесі талқыланды. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Серік Шәпкеновтің баяндауынша, 2011 жылға арналған облыстық бюджеттің нақтылануына, біріншіден, республикалық бюджеттен берілетін мақсатты трансферттер мен несиелер көлемінің өзгеруі негіз болған. Ол қаржы — 2 млрд. 470,9 млн. теңгені құрайды. Екіншіден, Астана және Алматы қалалары мен облыстардың су тасқыны зардабын жоюға бағыттаған қаржылай көмегі — 1 млрд. 500 млн. теңге және 290,6 млн. теңге көлеміндегі облыстық бюджеттен босатылатын қаражат пен 893,8 млн. теңге бюджет түсімдері. Сәйкесінше, сессия отырысында бюджетке келіп түскен 5 млрд. 155,3 млн. теңге нақтыланды.

Республикалық бюджеттен бөлінетін маөсатты трансферттер есебінен биыл үш білім беру және жеті денсаулық сақтау нысаны салынбақ, бұл мақсатқа 1 665,8 млн. теңге жұмсалмақ. Сондай-ақ су тасқыны салдарынан бүлінген облыс жолдарын қалпына келтіруге 803,1 млн. теңге бөлінбек. Астана, Алматы қалалары мен облыстардан келген 1,5 миллиард қаражаттың басым бөлігі Ақжайық, Зеленов, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандары мен Орал қаласындағы топан судан зақымданған тұрғын үйлер мен коммуналдық нысандарды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына бағытталмақ. 644,9 млн теңге қаражат облыс орталығындағы 5-шағынауданда 1200 орындық мектеп құрылысына бөлінбек.

Бұдан бөлек 1 млрд. 184,4 млн. теңге облыс қаражаты есебінен білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет спорт және ақпараттық кеңістік, ауыл шаруашылығы және экология салаларына бағытталмақ. Бір жасқа дейінгі балаларға кардиологиялық операция жасау шығындары өтеліп, Тасқала ауылындағы Жақсығұлов атындағы орта мектеп пен Круглоозерное кентіндегі дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталмақ. Орал қаласын жылыту маусымына дайындауға 500,0 млн. теңге бөлінсе, студенттер мен оқушылардың қоғамдық көлікте жеңілдетілген жолақымен жүріп-тұруына 50,0 млн. теңге жұмсалмақ.

Бүгінгі таңда облыстық бюджеттің кірістері мен шығыстары 74 млрд. 423,0 млн. теңгені құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар