Жарияланды: 440

БҚО кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үздіктер қатарында

БҚО кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Судьялар одағы ұйымдастырған республикалық байқауда «2012 жылдың үздік аудандық соты» аталымы бойынша үздік атанды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағанындай, аталмыш сот жылға толмайтын уақыт ішінде көп іс тындырды. Бұл сот төрайымы болып өткен жылғы 12 наурызда Елбасы Жарлығымен Мәскеу мемлекеттік заң академиясының түлегі, судьялық қызметте 15 жылдан астам тәжірибесі бар Фарида Құрманова тағайындалған болатын. Осы уақыт ішінде жасөспірімдер ісі жөніндегі сотқа 46 қылмыстық іс түсіп, соның 39-ы бойынша іс өндірісі аяқталды. Сондай-ақ 136 азаматтық істің 92-сі қаралды. Өндіріске түскен 86 әкімшілік істің 65-і мәреге жетті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін