БҚО: мекеме басшысының орынбасары бас бостандығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО: мекеме басшысының орынбасары бас бостандығынан айырылды

БҚО: мекеме басшысының орынбасары бас бостандығынан айырылды

Батыс Қазақстан облысында талапқа сай атқарылмаған жұмысқа орындалған деп қол қойған мекеме басшысының орынбасары бас бостандығынан айырылды.

  • 10 Маусым 2011
  • 362
Фото - Caravan.kz

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі таратқан мәліметтерге қарағанда, «Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары А.Кенжебаев 3 нысан бойынша қоршау құрылысы және Орал қаласының арық жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша құрылыс құны анағұрлым көтермеленгенін және жобалау-сметалық құжаттаманың жоқтығын анық біле тұра, объектілерде орындалған жұмыстар туралы жалған мәліметтер енгізілген актілерге қолын қойған. Сондай-ақ ол мердігердің есепшотына заңсыз төлем аударып, мемлекетке 45 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық сотының үкімімен А.Кенжебаев қызмет өкілеттігін теріс пайдаланды деген айыппен жазасын 2 жыл жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтейтін болды.

Соңғы жаңалықтар