БҚО округ әкімі жол апатына түсіп, көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО округ әкімі жол апатына түсіп, көз жұмды

БҚО округ әкімі жол апатына түсіп, көз жұмды

БҚО Тау ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Төрешов жол апатына түсіп, көз жұмды.

  • 24 Маусым 2022
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Adyrna.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Жол-көлік оқиғасы кеше, 23 маусым күні Жәнібек-Таловка жолының 25-ші шақырымында Тау ауылына жақын жерде болған.

"Ауыл әкімі рөлге ие бола алмай, көлігі шұңқырға аударылып кеткен. Ол көлікте жалғыз болған. Алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Мәйіт сот-медициналық сараптамадан өту үшін мәйітханаға жіберілді, — делінген БҚО полиция департаменті хабарламасында.

34 жастағы Нұрлыбек Төрешовтің артында әйелі мен кішкентай төрт баласы қалды.

"Ауылдық округтердің үздік әкімдерінің бірі болды. Оның бойында жақсы қасиеттері көп еді. Бұл орны толмас қайғы. Кеше ғана ол Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған барлық шараларға қатысқан. Көңілді болатын, барлығымен әзілдесетін", — дейді әріптестері.


Қазіргі таңда осы оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар