БҚО: өңірде майлы және азықтық дақылдарға басымдық беріліп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО: өңірде майлы және азықтық дақылдарға басымдық беріліп отыр

БҚО: өңірде майлы және азықтық дақылдарға басымдық беріліп отыр

Батыс Қазақстан облысында биыл майлы және азықтық дақылдар өсіруге басымдық беріліп отыр.

  • 21 Маусым 2011
  • 487
Фото - Caravan.kz

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, жазғы дәнді дақылдар 374,2 мың гектарға себілді, бұл жоспардан 2 пайызға артық. Әсіресе, Бөрлі мен Зеленов аудандары және Орал қаласы маңындағы шаруашылықтар өз жоспарын сәйкесінше 27,7 және 8 пайызға асыра орындады.

Биыл 110,94 мың гектарға майлы дақылдар егілді, бұл 65 пайызға артық. Әсіресе, қыша жоспарланғаннан 2,5 есеге көп егілді. Сондай-ақ 6,42 мыңның орнына 10,72 мың гектарға азықтық дақылдар өсірілуде.

Картоп 4427 гектардың орнына 3854 гектарға егілсе (87 пайыз), көкөніс пен бау-бақша дақылдары сәйкесінше 3739 және 1611 гектарға отырғызылды (100 және 102 пайыз).

Соңғы жаңалықтар