БҚО прокуратурасы шағын футболдан үздік шыққандарды құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО прокуратурасы шағын футболдан үздік шыққандарды құттықтады

БҚО прокуратурасы шағын футболдан үздік шыққандарды құттықтады

Жуырда ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай мемлекеттік қызметшілер арасында өткен облыстық спартакиадада шағын футболдан облыс прокуратурасының командасы жеңімпаз атанған болатын.

  • 30 Маусым 2011
  • 377
Фото - Caravan.kz

Жарысқа тыңғылықты дайындалған прокуратура қызметкерлері жақсы өнер көрсетіп, соңғы ойында ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті командасын ұтқан еді. Команда қақпашысы, облыс прокуратурасының басқарма прокуроры Руслан Әминов ең үздік қақпашы атанды.

Осыған орай облыс прокуроры Жақсылық Байтұқбаев спортшыларды салтанатты жағдайда құттықтап, өз бұйрығымен алғыс жариялады.

Соңғы жаңалықтар