БҚО прокуроры өзінің жаңа орынбасарына сенетінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО прокуроры өзінің жаңа орынбасарына сенетінін айтты

БҚО прокуроры өзінің жаңа орынбасарына сенетінін айтты

ҚР Бас прокурорының 26 маусымдағы бұйрығымен Александр Васильевич Цуранков Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалған еді.

  • 27 Маусым 2017
  • 304
Фото - Caravan.kz

БҚО прокурорының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол Бас прокуратураға ауысқан Нұрлан Мұратұлы Дүйсенбаевтың орнына келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

А.В.Цуранков 1981 жылы дүниеге келген, осыған дейін Бас прокуратура департаментінде басқарма бастығы қызметін атқарған. Әр жылдары Бас прокуратура департаментімен қатар Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокурорының орынбасары, Қостанай облысы Қамысты ауданының прокуроры болды.

«Орталық аппаратта қызмет еткен Александр Васильевич Цуранковтың тәжірибесі жеткілікті.  Енді облыс прокурорының орынбасары ретінде өз қызметін жоғары талаптарға сай, біліктілікпен атқарады деп сенеміз. Соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен де тығыз байланыста жұмыс жасайтын болады», — деді облыс прокуроры Сапарбек Нұрпейісов.


Соңғы жаңалықтар