БҚО: Сенат депутаты Ерболат Мұқаев таңдаушылардың басым дауысына ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО: Сенат депутаты Ерболат Мұқаев таңдаушылардың басым дауысына ие болды

БҚО: Сенат депутаты Ерболат Мұқаев таңдаушылардың басым дауысына ие болды

Бүгін БҚО облыстық мәслихатының мәжіліс залында таңдаушылардың бірлескен отырысы өтіп, оған барлық деңгейдегі 197 депутаттың 191-і қатысты.

  • 1 Қазан 2014
  • 1855
Фото - Caravan.kz

Облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшардың хабарлағанындай, 6 депутат дәлелді себептермен келе алған жоқ. БҚО бойынша Сенат депутаттығына төрт үміткер тіркелген болатын. Алайда олардың екеуі, атап айтқанда, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Айдар Батырханов пен «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ басшысы Қуат Мусин өз еріктерімен кандидатураларын алып тастады. Бюллетеньге осыған дейін Сенат депутаты болған Ерболат Мұқаев пен «Батыс су арнасы» ЖШС директоры Асылбек Саққазовтың аты-жөні енгізілді.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақовтың мәлім еткеніндей, 191 депутаттың 181-і Ерболат Мұқаевтың, 10-ы Асылбек Саққазовтың кандидатурасын жақтап дауыс берді.


Сайлауға Самара облысынан 2, Саратовтан 3 халықаралық байқаушы қатысты.
null  

null