БҚО соты Karachaganak Petroleum Operating BV компаниясынан Т3,2 млрд өндіріп алды
Батыс Қазақстан облыстық (БҚО) экономикалық соты «KarachaganakPetroleumOperatingBV» (КРО) компаниясынан Бөрлі аудан бюджетіне Т3,2 млрд өндіріп алды. |
«Батыс Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Бөрлі аудандық әкімінің «KarachaganakPetroleumOperatingBV» компаниясына қайған талабын жартылай орындап, компаниядан аудан бюджетіне 3 млрд 264 млн 355 мың 468 теңге, мемлекет пайдасына 97 млн 930 мың 664 теңге мемлекеттік баж салығын өнідіріп алды», - делінген ҚО Жоғарғы сотының жұма күні таратқан ақпараттық хабарында.
ЖС мәліметтерінше, аталған азаматтық іс 2011 жылы 17 ақпанда сотта қаралған. Бөрлі аудан әкімі аудан бюджетіне 3 млрд 787 млн 080 мың теңге шығынды өндіріп алмақ болып КРО-ны сотқа берген.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін